Құрметті ата-аналар!
Біз сіздерді мектепке дейінгі ұйымымызда қарсы алуға қуаныштымыз. 
Балабақшаның педагогикалық ұжымы балаларды 2 жастан бастап мектепке түскенге дейін дамытуға және оқытуға кәсіби тұрғыдан жұмыс жасайды.
Балабақша ұжымы балалардың балабақшаға жақсы көңіл күймен келуі үшін өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жинақтайды.
Балаларымыздың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін сіздермен тығыз ынтымақтастыққа болуды қалаймыз!
МДҰ мақсаты:
Тәрбиеленушілерде әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім таба алатын, ұжымда жұмыс істей алатын, өз және басқа елдердің мәдениетін құрметтейтін бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

 

 ЖШС “Ақ тілек” мектепке дейінгі тәрбие орталығы  өз қызметін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысы) аясында ашылған. Мемлекеттік аттестациядан 2023 жылы өтті.
“Ақ тілек” мектепке дейінгі тәрбие орталығы екі мекен-жайда орналасқан. Атап айтсақ Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Түлкібас №55 мекен-жайында орналасқан мекемеде қазақ тілінде 4 топ қызмет атқаруда . Екінші мекеме Қазақстан Республикасы, Астана қаласы ВИП-городок, переулок 37 мекен-жайында орналасқан. Бұл мекемеде орыс тілде және қазақ тілде 5 топ қызмет атқарады. Балабақша 5 жұмыс күні,сағат 7.30-18.00 ге дейін 10,5 сағат жұмыс істейді.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып дене бітімдерінің дұрыс қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тәрбие орталығында   би үйірмесі , каратэ,ағылшын тілі, сурет салу шығармашылық үйірмелері   жұмыс атқарады. Осы үйірмелерге қатысып жүрген бүлдіршіндеріміз қалалық, облыстық, республикалық, сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленген.  Педагогикалық құрам оқу-тәрбие үдерісін үлгілік оқу бағдарламасы мен білім стандартына сәйкес жүзеге асырады. Барлық педагогтар және қызметкерлер мамандандырылған, еңбек өтілдері 5 жылдан жоғары, білікті санаттары бар, өз ісінің шебер мамандары. “Ақ тілек” мектепке дейінгі тәрбие орталығы барлық заманауи талаптарға сай инноватциялық-материалдық, әдіснамалық негізі бар және балаларды дамытуға барлық жағдай жасалған. Әр баланың жеке қабілеттерімен қажеттіліктерін ескере отырып тәрбие орталығында жайлы дамытушы орталықтар құрылған. Баланың жеке дара тұлға ретінде ойын өсіруде ойын орталығы, зияткерліктерін дамытуда “Кітап білім бұлағы” атты орталық, еңбекке баулуда шығармашылығын дамытуда “Шығармашылық” орталығы, “Монтессори” орталығы, денсаулық бұрышы, табиғат бұрыштары бар. Балаларды жан-жақты дамыту үшін  мектепке дейінгі тәрбие орталығында көптеген ертеңгіліктер, кештер, ойын-сауықтар, мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады.  Тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтар білім беру дағдыларын кіріктере отырып ойын арқылы дамытуды  назарда ұстайды.  Баланың эстетикалық талғамын арттыруда патриоттық тәрбие беруде “Бір тұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Көненің көзі” атты әжелер мектебі, “Әке көрген оқ жонар” атты әкелер мектебі белсенді жұмыс атқаруда.
 “Ақ тілек” мектепке дейінгі тәрбие орталығы өз жетістіктерін және педагогтардың шығармашылық жетістіктерін одан әрі жетілдіріп шыңдай түседі. Біздің бағытымыз анық, таңдауымыз айқын, мақсаттарымыз жоғары.